Таразда шенеуніктер жанып кеткен кеңселерін өздері жөндеп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Таразда шенеуніктер жанып кеткен кеңселерін өздері  жөндеп жатыр

Таразда шенеуніктер жанып кеткен кеңселерін өздері жөндеп жатыр

Таразда өртенген әкімшілік ғимараттың санаулы күнде-ақ бұрынғы қалпынан да жарқырай түсетін түрі бар. 300-ден аса мемлекеттік қызметкер 3 күннен бері жатпай-тұрмай өздері жұмыс істейтін нысанды қалпына келтіру үшін жанталасуда.

  • 23 Маусым 2015
  • 239
Фото - Caravan.kz

Ғимараттың 2-ші және 8-ші қабаттарына едәуір зақым келген.Сондықтан осы екі жерде жөндеу жұмысы қарқынды. Облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев әр басқарма өзіне тиесілі аумағын екі күнде қалпына келтірсін деп тапсырма берген. Алайда атқамінерлер құрылысқа тайлы-тұяғымен жұмылса да, тапсырма орындалмады. Ал нысанның сыртқы келбеті боялып біткен. Бірақ сүреңсіз түсі сынға ұшырауда. Өткен жұмада облыс әкімдігінің барлық басқармалары шоғырланған ғимараттан өрт шығып, тоғыз қабатты нысан әп-сәтте отқа оранған еді. Ішінде қалып қойған ондаған адам, терезеден қарғып әйтеуір аман қалды. Ыс тиіп, қол-аяғы сынған 9 адамның алтауы әлі күнге ауруханада жатыр. Әзірге өрт электр сымдарының тұйықталуынан тұтанды деген болжам бар.