Оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтайды

Оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтайды

25 мамыр күні барлық мектепте "Білімім – Отаныма!" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі

  • 20 Мамыр
  • 1
Фото: ЖИ

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанда 2025-2026 оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы аяқтайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Оның ішінде екі жүз он бес мыңнан астамы – 11-сынып түлектері.

«Оқу жылының қорытындысы бойынша 9-сыныпты үздік аяқтауға 31 мыңнан астам, ал 11-сыныпты үздік аяқтауға 18 мың оқушы үміткер болып отыр. Бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 420 мыңнан астам педагог еңбек етіп жүр», — деп жазылған хабарламада.

Оқу жылының аяқталуына орай 25 мамыр күні барлық мектепте «Білімім – Отаныма!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізіледі. Оқушыларға жазғы каникул кезінде оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі таныстырылады.

«Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен бұйрығы мен қаулысына сәйкес мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында салтанатты іс-шараларды мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында, демалыс базаларында және табиғат аясында өткізуге тыйым салынады», — деп ескертті министрлік.

Ата-аналардан, заңды өкілдерден және білім алушылардан салтанатты іс-шараларға байланысты ақша жинауға, сыйлықтар мен өзге де материалдық құндылықтар талап етуге жол берілмейді. Ал аттестаттар мен дипломдарды салтанатты табыстау рәсімдері тек білім беру ұйымдарының қабырғасында ұйымдастырылады.