Ақтөбеде мейрамханадағы алапат өртке қатысты жаңа дерек шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде мейрамханадағы алапат өртке қатысты жаңа дерек шықты

Ақтөбеде мейрамханадағы алапат өртке қатысты жаңа дерек шықты

Ақтөбеде тапа-тал түсте мейрамхана өртенді. От тұтанған кезде даяшылар клиенттердің мазасын алмас үшін алғашқыда алауды өздері сөндірмек болған. Тек жалын әл бермей кеткенде 101 қызметіне хабарлапты.

  • 23 Маусым 2015
  • 201
Фото - Caravan.kz

Тілсіз жау мейрамханаға жапсарлас орналасақан үйлерге де тие жаздаған.  Сондықтан өрт сөндірушілер ең алдымен баспаналарға отты тигізбеуге барын салыпты. Өрт бір жарым сағатта ауыздықталғанымен, бықсыған отты толықтай сөндіру үшін түні бойы күзет ұйымдастырған. Сол маңның тұрғындары мейрамханаға қатысты бұрынан талай рет құзырлы мекемелерге шағымданғандарын айтады. Себебі ағаштан жасалған алаңқайда кәуәп әзірлеп, оның шоғы көршілердің ауласына түседі екен. Қазір осы оқиғаға байланысты тексеру жүріп жатыр.