Shanghaiist хабарлағандай, жатақханаға бара жатқан 22 жастағы бойжеткен жолшыбай балмұздақ алып жеп келе жатқан. Осы сәтте студенттің бірі оны итеріп жіберген, қатты шошынған қыз аузындағы металл қасықты жұтып қойған.
Зардап шегушінің айтуынша, ол медициналық көмекке жүгінгісі келмеген. Алайда Интернеттен осындай оқыс оқиға жайлы оқығаннан соң дәрігерге барған. Дәрігерлер оның асқазанынан қасықты сәтті алып шықты.