Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму министрлiгi Инвестициялар комитетiнiң төрағасы Ерлан Хаиров мәлiм еттi.
"Қазақстанға жақында Түркия Республикасының президентi келген болатын. Жобалар көрмеге қойылды. Түркиялық инвесторлармен бiрлесiп, 20-ға жуық жобалар iске асырылады деп жоспарлануда. Қытайлық инвесторлармен бiрге түрлi салада 38 жоба қолға алынады", — деп атап өттi комитет басшысы.
Оның мәлiметi бойынша, бұл негiзiнен өңдеушi салалардағы жобалар.
"Iрi жобалар мұнай-газ саласында, сонымен қатар қайта жаңғыртылатын энергия көздерiн пайдалану саласында үлкен серпiн бар. Бiз ауыл шаруашылығына үлкен қызығушылықты көрiп отырмыз. Осы салаларға инвестициялар келе бермек. Бiрақ металлургия мен машина жасау инвестицияларды тартуда көш бастап отыр", — дейдi Е. Хаиров.