Кот-д' Ивуарда құлдықтан 48 бала босатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кот-д' Ивуарда құлдықтан 48 бала босатылды

Кот-д' Ивуарда құлдықтан 48 бала босатылды

Кот-д'Ивуарда арнайы операция барысында құлдықтан 48 бала босатылды, деп хабарлады «ВВС» агенттігі. 

  • 23 Маусым 2015
  • 482
Фото - Caravan.kz


Сонымен қатар, адам саудасымен айналысқан 22 күдікті ұсталды. 

«Интерпол» мен Халықаралық көші-қон ұйымының қолдауымен жүргізілген арнайы операцияға 200-ге тарта полицей жұмылдырылды.
Азат етілген балалар Буркина-Фасо, Гвинея, Мали, сондай-ақ Кот-д'Ивуардың солтүстік бөлігінің тумалары екені хабарланды.
5-16 жастағы балаларды құлдықта ұстап келген. Олар плантацияда еңбекақысыз бірнеше сағат ауыр жағдайда жұмыс істеп келген. Балалар мектепке де бармаған.