Нұртай Сабильянов, Мәжіліс депутаты:
-Ұлттық банктен проблемалық несиелер туралы ақпарат беруді сұрап, хат жаздық. Сөйтсек, бұл банктік құпия деген жауап келді. Олай болса, заңға банктік құпияны алып тастау туралы өзгеріс енгіземіз.
Сондай-ақ, депутаттар ұлттық компаниялар арқылы бөлінген қазына қаржысының игерілуін де тексеріп, бірқатар түйіткілдерді анықтапты. Мәселен, шағын және орта бизнес, өндіріс, әлеуеттік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған миллиондар Астана мен Алматы сынды ірі қалалардан аспай жатыр екен. Яғни, аймақтарға ақша мүлдем жетпейді. Ал, кәсіпкерлер жеңілдетілген мемлекеттік несие алу үшін жарты жыл банктің соңынан жүгіруі керек. Онда да қаржыға көбіне шенеуніктердің көңілін тапқан ірі бизнесмендердің ғана қолы жетеді. Ал, жаңадан кәсіп ашып жатқандар мүлдем жоқ. Мұны естіп шамданып қалған шенеуніктер мәжілісмендердің сөзін қиялға теңеді.
Глеб Щегельский, Мәжіліс депутаты:
-Біз сіздерге аңыз айтып отырған жоқпыз. Жұмыс тобы жиналған. Ауыздарыңызға ие болыңыздар, өтініш. Сосын мемлекеттік қаржыны үлестіретін банктердің арасында Ресейдің де банктері бар. Біздің банктер де шетелдерде араласа ма? Меніңше, жоқ. Неге біз біреуге жағдай жасауымыз керек.