Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы бастама көтерді. Аталған автономия төрағасы Сағит Жақсыбаев Қазан қаласының мэрі Ильсур Метшиннің атына осындай ұсыныспен хат жолдады, деп жазады «Татар-информ» АА.
«Нұрсұлтан Әбішұлы екі бауырлас халықтың арасындағы достық қарым-қатынасты одан ары жалғап, нығайта түсті. Экономика, білім, мәдениет саласында ықпалдастықты республикалық деңгейде де, өңіраралық деңгейде де қалыптастырды. Біз бұл байланыстардың тарихи маңызына терең мән береміз», — деді сұхбатында Сағит Жақсыбаев.
Ол Қазан федералды университетінің ғимаратында Бөкей ордасының соңғы ханы, Қазан императорлық университетінің құрметті мүшесі — Жәңгір ханға арналған мемориалды тақта орнатылғанын айтып өтті.
«Біз Қазан қаласының көшесіне Назарбаев есімін беру екі бауырлас халықтың арасындағы байланыстарды тереңдете түседі деп санаймыз», — деп атап өтті С. Жақсыбаев.