ЕО Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша келіссөздер аяқталғанын оң бағалайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕО Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша келіссөздер аяқталғанын оң бағалайды

ЕО Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі бойынша келіссөздер аяқталғанын оң бағалайды

Еуроодақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі бойынша келіссөздер аяқталғанын оң бағалайды. Бұл туралы Еуроодақ таратқан мәлімдемеде хабарланды.

  • 24 Маусым 2015
  • 429
Фото - Caravan.kz

«Еуропалық одақ ұзақ жылдық мақсаттарға қол жеткізуде маңызды рөлге ие болды, енді ДСҰ-ның Бас кеңесі  саяси жағынан бірауыздан мақұлдайтынына сенім артады», — деп атап өтілген ЕО хабарламасында.

Бұл шешім Қазақстанға жан-жақты сауда жүйесінің толыққанды мүшесі ретінде ағымдағы жылғы желтоқсанда   өтетін ДСҰ  министрлер  конференциясына қатысуға мүмкіндік беретіні атап өтіледі.

«Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі екі жақты экономикалық ынтымақтастық жағынан да маңызды болып табылады», — делінген Еуроодақ мәлімдемесінде.