Археологтар Канададан 13 мың жыл бұрын өмір сүрген адам ізін тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Археологтар Канададан 13 мың жыл бұрын өмір сүрген адам ізін тапты

Археологтар Канададан 13 мың жыл бұрын өмір сүрген адам ізін тапты

Британиялық Колумбияның канадалық провинциясында 13 мың жыл бұрын өмір сүрген адам іздері табылды, деп хабарлады ТАСС.

  • 24 Маусым 2015
  • 511
Фото - Caravan.kz


Виктория университетінің зерттеушілері Канаданың байырғы халқымен бірлесіп, Кэлверт аралында қазба жұмыстарын жүргізді. Онда ғалымдар ежелгі адамдардың тасқа басылған он шақты ізін айқындады. Археолог Данкан Маклареннің айтуынша, бұл аудан мұз дәуірі, соңғы мыңжылдықта теңіз деңгейінің ауысуына қарамастан көп өзгеріске ұшырамаған.

Зерттеушінің айтуынша, адам іздері табылған орынға жақын жерден алау жағатын алаң табылған. Тіпті, көмір кесектері де сақталып қалған. Адам іздерінің жасы 13,2 мың жыл бұрынғы деп бағаланды.