Автобустарға арналған жолақтарды салуды жалғастыру керек - А.Есімов - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Автобустарға арналған жолақтарды салуды жалғастыру керек - А.Есімов

Автобустарға арналған жолақтарды салуды жалғастыру керек - А.Есімов

Алматыда қоғамдық көліктерге арналған жолақтарды өзге де көшелерге салуды жалғастыру керек.

  • 24 Маусым 2015
  • 376
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы бүгін қала жобалаушысы Ян Гейлдің авторлық презентациясы барысында қала басшысы Ахметжан Есімов айтты. 

Ахметжан Есімов ең алдымен арнайы жолақтың пайдасы мен зияны туралы сараптама жасалатынын жеткізді.

«Қазіргі қорытынды бойынша бұл өзгеріс халық тарапынан жақсы қабылданды. Ендеше, бұндай жолақтарды өзге де көшелерде саламыз. Қазір ол көшелерді анықтап жатырмыз. Қала халқын автобусқа отырғызу үшін бұл тиімді қадам»,- деді шаһар басшысы.
Өз кезегінде шетелдік мамандар Алматының мүмкіндігін жоғары бағалады.