Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару соңғы бес жылда 1,6 есе өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару соңғы бес жылда 1,6 есе өсті

Ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару соңғы бес жылда 1,6 есе өсті

Қазақстанда соңғы 5 жылда ауыл шаруашылы саласындағы жалпы өнімнің көлемі 1,5 есе ұлғайып, 2014 жылы 2,5 трлн. теңгені құрады.

  • 24 Маусым 2015
  • 607
Фото - Caravan.kz

Аталған мерзім ішінде өсімдік шаруашылығы 1,4 есеге (1,3 трлн. теңге) өссе, мал шаруашылығының өнімдері 1,7 есе (1,2 трлн. теңге) ұлғайған. Азық-түлік өнімдерін өндіру көлемі 1,6 есе өсіп, 1 042,4 млрд. теңгеге жеткен.

Мамандардың пікірінше, аграрлық сектор экспортқа біршама бет бұрып, бәсекеге қабілеттілігі арта түскен. Ауыл шаруашылық өнімдерін экспортқа шығару соңғы 5 жылда 1,5 есе ұлғайып, 2,6 млрд. долларды құраған.

Аталған сала инвестициялар үшін де жыл сайын тартымды бола түсуде. Айта кетейік, соңғы 5 жылда ауыл шаруашылығының негізгі капиталына құйылған инвестиция 2 есеге ұлғайып, 2014 жылы 166,4 млрд. теңгені құрады. Сонымен қатар, азық-түлік өндірісінің негізгі капиталына құйылған инвестиция көлемі де 1,3 есе өсіп, 40,8 млрд. теңгеге жетті.