ОҚО-да бүтін бір аудан ауыз сусыз отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ОҚО-да бүтін бір аудан ауыз сусыз отыр

ОҚО-да бүтін бір аудан ауыз сусыз отыр

Оңтүстік Қазақстан облысында ондаған мың адам сусыз отыр. 25 мың халқы бар Қазығұрт елді мекеніндегі су жүйелері тұрғындарды тіршілік нәрімен қамтамасыз ете алмауда. Жергілікті билік арнайы көліктер жалдағанымен, олар ауыз суды қарапайым халыққа емес, бай-бағландардың үйіне тасиды екен.

  • 25 Маусым 2015
  • 228
Фото - Caravan.kz

– Жуына алмаймыз, кір жуа алмаймыз. Бір аптада бір рет жусақ жуамыз.

Не кір-қоңын жуа алмай, не құмары қанып ас-суын іше алмай жүрген қазығұрттықтар шыдамы таусылып, наразылық білдіруге шықты. Есік алдындағы колонкадан қараша мен мамыр аралығында күніне екі сағат қана су ағады екен. Ал жаз басталса, кеуіп тұрады.

Бағила Сұлтанова, Қазығұрт ауылының тұрғыны:

-8 күннен бері сусыз отырмыз. Кімде машина бар машинамен алып келеді. 100 литрді 100 теңгеден сатып аламыз. Ол бір күнге де жетпейді. Жаздынгүні  бір күнге де жетпейді.

8 күн бойы келмеген су тасығыш көліктер жұрт шу шығарып, тілшілер жеткен соң бірінен соң бірі келіп, тіршілік нәрін тарата бастады. Дегенмен, бұлардың да әр үйге күніне 100 литрден артық су беруге хақысы жоқ.

-Жылдар бойы су тапшылығынан зарыққан тұрғындар судың әр тамшысын үнемдейді. Мұнда лас суды да бейберекет ешкім шашпайды. Мәселен, қол жуған соң қалдық су төгілмейді. Есік алдындағы азын-аулақ егістікке төгіледі.

Алты баланың анасы Айсара Құлманова соңғы 20 литр суды ертеңге дейін жеткізуі тиіс. Мұның өзін әркімге жалынып, бірнеше шақырым жерден алдыртыпты.


Айсара Құлманова, Қазығұрт ауылының тұрғыны:

-Бір стақаннан су беремін сағатына . Бала шағам алтау, күйеуіммен сегізбіз. Су жетпейді. Машинам жоқ, әкелейін десем ақшам жоқ.

Ал әкім-қаралар жұртқа неліктен су жоқтығын түсіндіре алмай әуре. Айтуларынша, мұндағы су жүйесі 10 мың тұрғынға арналған екен. Ал мұндағы халық саны 25 мыңға жетеді.

Октябрь Сәбитов, «Таза су» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің директоры:

-Қысым аз су айдамаймыз. Резервуардан ашылады. Еркін ағып жатқан суды 15-20 үй болмаса 100 үй ашып тастағаннан кейін су халыққа жетпей жатыр.

Қазір Қазығұрт маңынан таза тіршілік нәрін іздеу жұмыстары жүріп жатыр екен. Егер табылса, 3 жылдан кейін ғана қосымша құбырлар тартыла бастайды. Ал оған дейін сусаған жұрттың су таситын көлікті аңдып отыруына тура келді.