Қатерлі ісікке шалдыққан науқастар Қазақстанда емделуден бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қатерлі ісікке шалдыққан науқастар  Қазақстанда емделуден бас тартты

Қатерлі ісікке шалдыққан науқастар Қазақстанда емделуден бас тартты

Онкологиялық ауруға шалдыққан азаматтар отандық медицинаға сенбейді. Олар диагнозды дұрыс қоя алатын, дертті анықтаған күннің өзінде науқасты аяғына тұрғыза алатын мамандар жоқ дейді. Мәселен, алматылық Ерсін Қожахметовтің аруы дәрігерлер анықтап үлгергенге дейін асқынып кеткен. Соңғы диагнозға сәйкес, жігіт «глиобластомаға» шалдыққан екен. Яғни, миында қатерлі ісік бар. Науқас жүріп-тұруды айтпағанда, сөйлеуден де қалған. Жақындары енді шетел клиникаларынан шипа табылар деген үмітпен отыр.

  • 25 Маусым 2015
  • 326
Фото - Caravan.kz

30 жастағы Ерсін Қожахметов бір жылдан бері төсек тартып жатыр.

Жігіттің қол-аяғы жартылай істемейді. Әрі тілі күрмеліп, қос жанары көруден қалған. Дәрігерлер Ерсінге ұзақ уақыт диагноз қоя алмай келіпті. Тек таяуда «мидың қатерлі ісігі» деген қорытынды жасаған. Ұлына қарау үшін анасы Ләззат та жұмысын тастап отыр.

Ләззат Қасенова, Е.Қожахметовтің анасы:

-Өз денесін көтеріп жүре алмайды. Сол жағынан істемейді. Сол жақ аяқ-қолы тартылып қалады. Инсульт сияқты басталды.

Анасының сөзіне қарағанда, Ерсіннің басындағы ісікке кезінде әскерде алған соққысы себеп болуы мүмкін. Тек кезінде оны ұлы жасырған екен. Сөйтіп, үйленіп, екі балалы да болған. Енді арада 10 жыл өткен сол дерті сырт беріп отыр. Әрі ушығып, онкологиялық ауруға ұласыпты. Қамыққан ана Израиль, Германия және Ресей клиникаларымен де келісім жасап қойыпты. Тек оған емнің ақысы тым қымбат. Кемі – 40 мың АҚШ доллары шамасында. Ал мұндай қаржы қарапайым отбасында жоқ. Тустарының жинап бергені де жетер емес. Оның үстіне отандық медицина да күннен күнге қауқарсыздығын көрсетіп отыр.

Ләззат Қасенова, Е.Қожахметовтің анасы:

-Қазақстан дәрігерлері айтып жатыр Астанада, Алматыда күн сәулесімен емдеуге болады деп. Бірақ ана болғаннан кейін мен өзіміздің медицинаға сеніңкіремей тұрмын. Дәрігерлерге емес, медицинаның деңгейіне.


Онкологиялық дертке келгенде қазақ медециянасының әлсіз екендігін дәрігерлердің өздері де жоққа шығармай отыр. Әсіресе, «глиобластоманы», яғни мидың қатерлі ісігін емдеуге шама жетпейді.

Диляра Қайдарова, Алматы қалалық онкология орталығының бас дәрігері:

-Ия, сенімнің жоғалып бара жатқаны рас. Кейде дәрігердің, кейде медицинаның қателігінен. Оны растаймын. Бірақ нәтижелі жұмыс та атқарылып жатыр. Мәселен, біздің ауруханада 35 адамға сәтті ота жасалды. Глиобластоманың енді емделуі қиын.

Жалпы «глиобластома» қатерлі ісіктің ең сирек кездесетін түрінің бірі. Есесіне, емделуі неғайбыл. Науқас небәрі 2-3 жылдың ішінде өліп кетуі де мүмкін. Мәселен, өткен аптада Ресейдің танымал әншісі Жанна Фриске де дәл осы дерттен көз жұмған еді. Ләззат, әрине, ана жүрегімен ұлын өлімге қимайды. Сондықтан дертпен күресіп көрмек. Сол үшін көпшіліктен көмек болса деген тілегі де бар.