-Төбедегі судың бәрі жиналып біздің бала-бақшаға түсті. Біздің балаларымыз мына жерде отыр міне.
Алты қабатты нысанның төбесінен тоқтаусыз аққан су жертөледегі балалардың шағын орталығына құйылған. Бөлмелері әп-сәтте көлшікке айналып, шырт ұйқыда жатқан 75 бүлдіршін дереу қауіпсіз жерге көшірілді. Мұндағы бөбектерге үлкен қауіптің төнгені анық. Себебі, электр сымдарының бойымен үздіксіз су сорғалап тұрды. Ата-аналар екі жылдан бері осындай жағдайдың жиі болатынын айтып отыр. Еріген қар суы да ішке төгіледі дейді. Білім бөлімі басшылығының осыны біле тұра еш әрекетсіз отырғаны жұртты ашындырады. Ал әзірге мекеме меңгерушісіне қызметкерлерімен бірге жиналған суды тазартудан басқа амал жоқ.