Таңертең ауылдың 10 тұрғыны Нива көлігіне отырып, бау-бақша жұмыстарына бара жатқан екен. Арық шетімен кетіп бара жатқан көлік кенеттен суға түсіп кеткен. Сол маңнан өтіп бара жатқан 40 жастағы Елмұрат Асылбеков деген азамат көлік ішінен 4 адамды алып шығыпты. Тек, келесі суға кеткенді құтқаруға ұмтылған азаматтың өзі де қалған 6 адаммен бірге мерт болды. Қазір құтқарылғандар ауруханада жатыр. Ал бір әйелдің денесі әлі табылмаған.
Омар Үсенов, Қақпақ ауылының тұрғыны:
-Ағамның қызы, ең үлкен қызы, үш баласымен жесір қалған еді. Үйде үш баласы қалды. Ол да көлік ішінде болған.Бір сағат болды қарындасты таба алмай жатырмыз.