«23 маусым күні сағат 16:25-те облыстық ТЖД-іне «103» қызметінің диспетчерінен Тараз қаласындағы Рысқұлов көшесінде орналасқан «Сауда орталығы» аялдамасының жанында найзағай түсуі салдарынан облыс орталығының 28 жастағы тұрғынының зардап шеккені туралы хабарлама келіп түскен. Зардап шеккен ер адам №1 қалалық ауруханасының терапия бөліміне жеткізілді», — делінген ведомствоның хабарламасында.
Қазіргі кезде зардап шеккен азаматтың жағдайы орташа ауыр деңгейде.