ең айтулы қазақстандықтарды таңдап алуды көздейтін «Ел тұлғасы» ұлттық жобасы басталды.
Бүгін жоба ұйымдастырушылары баспасөз мәслихатын өткізді.
«Алғаш рет «Ел тұлғасы» байқауы 2011 жылы 22 желтоқсанда басталды. Ол кезде дауыс беру 5 аталым бойынша: қоғамдық жұмыс, бизнес, өнер, мәдениет, спорт бойынша өтті. Биыл оған тағы екі аталым: жаңа есім және Қазақстан тарихындағы тұлға қосылды. Әр аталымда 10 қазақстандық белгілі азамат бақ сынайтын болады», — деді «Exclusive» мультимедиалық порталының басшысы Қарлығаш Еженова.
Белгілі бір қатысушыға бір рет дауыс беруге болады. Сайтта және 8785 нөміріне үміткердің кодымен бірге SMS-хабарлама жіберу арқылы дауыс беруге болады.
Жоба маусым айынан бастап 2015 жылдың қыркүйегіне дейіне жалғасады. Оның қорытындысы 2015 жылдың қазанында белгілі болады.
Айта кетейік, 2011 жылы өткізілген байқау барысында 80 мыңнан аса адам дауыс берген. Дауыстардың 63%-ы SMS-хабарлама арқылы, 37%-ы интернет арқылы алынды. Халықтық дауыс беру жүргізілген 20let.kz сайтына 87 елден, оның ішінде Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания, Украина, АҚШ, Өзбекстан, Франция, Германия, Канада, Оңтүстік Корея, Түркия және тағы да басқа елдерден 22 553 адам кірген.
Байқау барысында Еділ Ерғожин, Бақытжан Қанапиянов, Мұрат Әуезов, Нұрлан Смағұлов және Илья Ильин жеңімпаз атанды. «Халықтың таңдауы» аталымында сценарист және режиссер Ермек Тұрсынов жеңіске жетті.

