«KAZNEX INVEST» форумы қорытындысында Үрімшіде $4 млн. астам сомаға келісімдер жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«KAZNEX INVEST» форумы қорытындысында Үрімшіде $4 млн. астам сомаға келісімдер жасалды

«KAZNEX INVEST» форумы қорытындысында Үрімшіде $4 млн. астам сомаға келісімдер жасалды

«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономдық округінің

  • 25 Маусым 2015
  • 389
Фото - Caravan.kz


Үрімші қаласында қазақстандық-қытайлық бизнес-форумы — қазақстандық кәсіпорындардың 5-ші сауда миссиясын өткізді. 

Мұнда Қазақстанды май және ұн өнімдері, салқын сусындар, жылуды оқшаулайтын, құрылыс, химиялық материалдар, медициналық бұйымдар мен препараттар шығаратын, сондай-ақ көліктік-логистикалық қызметтерді көрсететін 15 кәсіпорын таныстырды. 

Қытайлық тараптан форумға Халықаралық саудаға ықпалдасу комитетінің Шыңжаңдағы бөлімінің орынбасары Ню Мин, кеден және карантин қызметкерлері, сондай-ақ қызығушылық танытқан 100-ден астам қытайлық компания қатысты. 
Бизнес-форум қатысушыларының алдында «KAZNEX INVEST» АҚ-ның ҚХР-ғы өкілі Қайрат Керімов сөз сөйледі. 
Өткзіліп отырған бизнес-форумның аясында бірқатар қазақстандық кәсіпорындар жалпы сомасы 4 млн. доллардан асатын бастапқы аясындағы келісімдерге қол жеткізді.
null
null
null