КТК тағы бірінші! Жадыра Сейдеш лауреат атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КТК тағы бірінші! Жадыра Сейдеш  лауреат атанды

КТК тағы бірінші! Жадыра Сейдеш лауреат атанды

Журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері жер-жерде марапатталып жатыр. Төл мейрамымызда КТК-ның қоржыны да жаңа жүлделермен толығуда.

  • 26 Маусым 2015
  • 489
Фото - Caravan.kz

Бүгін әріптесіміз Жадыра Сейдеш Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды. «Жүрекжарды» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі телевизиялық туындылар циклы аталымында үздік деп танылды. «Жүрекжарды» — қазақтың жақсысы мен жайсаңын түгендеп жүрген бірегей жоба. 8 жылдан бері экраннан түспеген бағдарламада автор 500-ден астам танымал тұлғамен сұхбаттасып үлгерген.

Жадыра Сейдеш, «Жүрекжарды» бағдарламасының авторы, жүргізушісі:

— Телевизия қызметкерлері үшін өзінің туған одағының, журналистер одағының лауреаты атану деген ең жоғары, ең мәртебелі марапат деп ойлаймын.  Бұл телевизия саласында күн демей, түн демей еңбек еткен бейнетті бір шақтарымыздың жанғаны, сондай бір қиын күндеріміздің қайтарымы секілді.