Стивен Сигал астаналық оқушыларға қорғануды үйретті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Стивен Сигал астаналық оқушыларға қорғануды үйретті

Стивен Сигал астаналық оқушыларға қорғануды үйретті

Голливуд актері Стивен Сигал Астанаға келді.  Елорданың туған күні қарсаңында ол халықаралық ұрыс фестифаліне қатысып жатыр. Әйгілі актер осы шара аясында астаналық оқушыларды айкидоның қыр сырына үйретіп, шеберлік сағатын өткізді.

  • 26 Маусым 2015
  • 280
Фото - Caravan.kz

Кілең шытырман фильмдерде бас кейіпкерді сомдайтын актерді оқушылар тағатсыздана күткен. Енді бүгін өз көзімен көріп қуаныштарында шек жоқ. Айкидоны жетік меңгерген Стивен Сигал оларды бұл спорт түрінің әдіс қимылдарына үйретті. Дер кезінде шабуыл жасау, тіпті кинодағыдай қарудан қорғану тәсілдерін де актер боз кілемде көрсетіп берді. Ал, жас спортшылар тек теледидардан көріп өскен атақты актермен бір залда жаттыққандарына  дән риза. Стивен Сигалдың көрсеткен ұрыс әдістерінен кейін күш алған олар бір-бірімен күресіп, алған әсерлерін жасыра алмады.

Абай Нығметуллин, оқушы:

-Стивен Сигал маған әр түрлі әдіс қимылдар көрсетті. Мені құлатты. Лақтырды. Егер біздің қарсыласымыз бізді ұрайын деп жатса былай құлатып жібереміз оны. Соны үйретті.