Қазақстан үшін Ресейде жасалған «Жартас» теплоходы Семейге келіп жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үшін Ресейде жасалған «Жартас» теплоходы Семейге келіп жетті

Қазақстан үшін Ресейде жасалған «Жартас» теплоходы Семейге келіп жетті

Ресейдің Том облысынан Семейге Самусь кеме құрастыру-жөндеу зауыты салған «Жартас» теплоходы келіп жетті.

  • 26 Маусым 2015
  • 564
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Самусь кеме құрастыру-жөндеу зауыты» ЖШҚ директоры Виктор Шварц айтты. 

«Самусь кеме құрастыру-жөндеу зауыты Семей су жолдары кәсіпорнының тапсырысын орындады. 14 мамыр күні «Жартас» теплоходы суға түсірілді. Одан кейін шварттық және жүзу сынақтары өткізілді. 25 маусымда кеме Семей қаласына келіп жетті», — деді В.Шварц телефон арқылы. 


Теплоход Ертіс өзенінің жағадағы және судағы жағдайына қызмет етуге, сондай-ақ ішкі су жолдарында кеме жүрісінің тереңдігін бақылау үшін арналған. 
Ресейлік кәсіпорын Қазақстанмен әріптестік қарым-қатынаста. 2014 жылы Атырау су жолдары кәсіпорны үшін «Жайық» теплоходын да Том облысындағы Самусь кеме құрастыру-жөндеу зауыты жасаған.