ШҚО әкімі мен ҚР-дағы Корея Республикасының Елшісі әріптестік мәселесін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ШҚО әкімі мен ҚР-дағы Корея Республикасының Елшісі әріптестік мәселесін талқылады

ШҚО әкімі мен ҚР-дағы Корея Республикасының Елшісі әріптестік мәселесін талқылады

Қазақстандағы Корея Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Чо Ёнгчон екі күндік жұмыс сапармен ШҚО-да жүр.

  • 26 Маусым 2015
  • 462
Фото - Caravan.kz

Осы сапар барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов елшімен кездесті. Кездесу барысында түрлі экономикалық және әлеуметтік саладағы екіжақты әріптестік мәселесі талқыланды.

Өңір басшысы облыстың экономикалық әлеуетін қысқаша таныстырып өтті. Сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысы Корея Республикасымен өндіріс, құрылыс, медицина, ауыл шаруашылығы сынды бірнеше сала бойынша бірлесе жұмыс істейтіні айтылды. Әр сала бойынша жұмысты жандандыра түсіп, ұзақмерзімді келісім жасасуға мүмкіндік бар.

Чо Ёнгчон өз кезегінде екіжақты ықпалдастықты арттыру үшін бар күшін салатынын айтты.