2014 жылы Газа секторында болған қақтығыста қылмыс жасады деген айыппен Халықаралық сотқа берді, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.
Сотқа берілген материалдарда сондай-ақ Израильдің Батыс жағалауында заңсыз құрылыстар жүргізгені туралы хабарланған. Израиль билігі тағылған айыпты жоққа шығарды.
Бұған дейін осы аптада БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің комиссиясы тергеу қорытындыларына сәйкес, 2014 жылдың жазында Газадағы қақтығыстың екі тарапынан да әскери қылмыстар жасалғанын хабарлаған.
БҰҰ-ның мәліметінше, Газа секторындағы 50 күндік шабуылдың салдарынан аз дегенде 2189 палестиналықтың, соның ішінде 1486 бейбіт тұрғынның қаза тапқаны хабарланды. 11 мың адам жараланған.
Израильді 67 сарбазы мерт болып, алты бейбіт тұрғыны көз жұмды, ондаған адам жарақаттанды.