Алматы маңында екі жер асты дүмпуі тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы маңында екі жер асты дүмпуі тіркелді

Алматы маңында екі жер асты дүмпуі тіркелді

«ҚР БҒМ ҰК СТӘЭ» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 2015 жылғы 26 маусым күні Алматы уақытымен таңғы сағат 11:07-де жер сілкінісін тіркеді.

  • 26 Маусым 2015
  • 435
Фото - Caravan.kz

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 199 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы — 9,0.  MPV магнитудасы — 4,1. Тереңдігі — 0 шақырым», — делінген «Алматы» ӘҚО кезекші операторының хабарламасында.

Бұдан екі минут бұрын, яғни сағат 11:05-те Алматы қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 242 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында жер сілкінісі тіркелген. Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 8.5. MPV магнитудасы — 4.1. Тереңдігі — 5 шақырым.