Ресейдің экс-премьері Евгений Примаков дүниеден өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдің экс-премьері Евгений Примаков дүниеден өтті

Ресейдің экс-премьері Евгений Примаков дүниеден өтті

РФ экс-премьері, бұрынғы СІМ басшысы Евгений Примаков 86 жасқа қараған шағында дүниеден өтті, деп хабарлады РИА Новости.

  • 26 Маусым 2015
  • 361
Фото - Caravan.kz

«Президентке Евгений Максимович Примаковтың қаза болғаны туралы баяндалды, президент Евгений Максимовичтің туыстары мен жақындарына көңіл айтты», — деді Ресей мемлекеті басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Оның айтуынша, Путин Примаковты жақсы білетін, оның серіктерінің бірі болды. «Ол мемлекет қайраткері, ғалым, саясаткер болды, артына өте үлкен мұра қалдырды», — деді Песков.

Евгений Примаковтың көз жұмғанын оның немересі растады. «Иә, солай. Бұл қайғылы оқиға бүгін болды», — деді Евгений Сандро.