Астананың кей көшелерінде жолдар жабылады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астананың кей көшелерінде жолдар жабылады

Астананың кей көшелерінде жолдар жабылады

Астана қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша,

  • 26 Маусым 2015
  • 467
Фото - Caravan.kz


28 маусымда, жексенбіден дүйсенбіге қараған түні №191 көше құрылысына байланысты Алаш тас жолынан Сарытөбек көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы тоқтатылады. 

Жол құрылысы аясында барлық инженерлік жүйелер орнатылады. Аталған жол бөлігінде көлік қозғалысын үстіміздегі жылдың қараша айының соңына дейін қалпына келтіру жоспарланып отыр, деп хабарлайдыastana.kz.
Бұдан бөлек, 26 маусымнан бастап кепілдік міндеттеме шеңберінде мердігерлік ұйым К.Бәйсейітова көшесінде орташа жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Осыған байланысты К.Бәйсейітова көшесінің Фахд бен Абдул Азиз көшесінен Оқжетпес көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі. Жол қозғалысын 1 шілдеге дейін қалпына келтіру көзделген.
Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы көлік жүргізушілеріне кептеліс жағдайларын болдырмау мақсатында жолдарды жөндеу жұмыстарын ескере отырып, жол жүру бағдарын алдын ала жоспарлауға кеңес береді.