Семейліктер қасқырдың 4 айлық күшігін аман алып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейліктер қасқырдың 4 айлық күшігін аман алып қалды

Семейліктер қасқырдың 4 айлық күшігін аман алып қалды

Семейдің биологиялық орталығына бөлтірік әкелінді. 4 айлық қасқырдың күшігін жапан даладан тапқан адамдар аштан қатпасын деп осы мекемеге алып келген.

  • 27 Маусым 2015
  • 420
Фото - Caravan.kz

Бөлтірік жаңа мекеніне аз уақыт ішінде бейімделіп үлгерген. Адамдардан қорықпай, емін-еркін жүр. Бастапқыда сүтпен қоректендірген қызметкерлер оған ет бере бастапты. Қазір кішкентай жыртқышқа тағам күніне бес рет беріледі. Далада біраз ашыққан ол енді аздап әл жинап алған. Әзірге оған ат қойылмады.  Бұл үшін тіпті арнайы байқау жарияланды. Нәтижесі жақын күндері белгілі болмақ. Бір айта кетерлігі, орталықтағы қос көкжалдың бірі өліп қалған екен. Енді жаңадан қосылған бөлтірік оның орнын басуы тиіс.

Наталья Ходакова, зоолог:    

-Бөлтіріктің енесі браконьерлердің қолынан өлген сияқты. Себебі ол апанында жатпаған, дала кезіп жүрген. Келесі аптадан бастап оған сүйек береміз. Себебі, есейген сайын оның тістері қатаюы керек.