Алматыда атақты сатириктің үйіне ескерткіш тақта қойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда атақты сатириктің үйіне ескерткіш тақта қойылды

Алматыда атақты сатириктің үйіне ескерткіш тақта қойылды

Бүгін Алматыда Оспанхан Әубәкіровтің тұрған үйіне мемориалдық тақта ілінді.

  • 27 Маусым 2015
  • 492
Фото - Caravan.kz

Атақты сатирик бұл үйде 1977 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін тұрған. Тек, ескерткіш тақтаны орнатушылар ондағы жазбада қателік жіберіп қойыпты. 1986 жылы өмірден өткен Оспанхан Әубәкіровті мұнда 2003 жылға дейін тұрды деп жазған. Тіпті, оған ешкім мән бермегенге ұқсайды. Әйтеуір, ақ матасы сыпырылған ескерткіш тақтаға жұрт қуанып жатыр. Сөйтсе, мұнда 2003-ші жылға дейін сатириктің отбасы тұрған екен. Ал ағайын-туыс пен дос-жаран қате болса да, көптен күттірген мемориалдық тақтаның ашылғанына риза.

Нұрсұлу Әубәкірова, О.Әубәкіровтің жұбайы:

Мына үлкендерді сыйлап,артында осындай тақталар ашылып жатыр. Оның артында қалған мына біздер, мына жолдастарымыздың артында өте міне қуанып, бір жасап қаламыз ғой. Осыны көріп мен бір жасарып қалдым, көңілім көтеріліп қалды.