Ақмола облысында көп балалы отбасы адам тұрғысыз жерде күнелтіп жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында көп балалы отбасы адам тұрғысыз жерде күнелтіп жүр

Ақмола облысында көп балалы отбасы адам тұрғысыз жерде күнелтіп жүр

Ақмола облысының Зеренді ауылында көпбалалы отбасылар апатты үйде тұрып жүр. Қабырғадағы жарықшалардан дала көрініп, іргесі  күненнен күнге үгітіліп барады. Соңғы жылдары аудан орталығында бірнеше көпқабатты үй қолданысқа берілсе де, шиеттей балалары бар жанұяларға пәтер бұйырар емес. Адам тұрғысыз ғимаратта күнелтіп жатқандар жайлы Айзат Тұрғынбекқызы әңгімелейді.

  • 27 Маусым 2015
  • 479
Фото - Caravan.kz

6 баланың әкесі Еркін Әубәкіров мына ескі үйді 14 жыл бұрын сатып алған. Содан бері саманнан жасалған бұл баспананы жамап-жасқаумен келеді. Әр жерде жалданып тапқан табысы 8 жанның күнкөрісінен артылмайды. Жыл өткен сайын ескі үйдің қабырғалары қақырап, құлап қалуға шақ тұр. Өткен жылы арнайы комиссия баспананы апатты деп таныған.

Еркін Әубәкіров, Зеренді ауылының тұрғыны:

-Міне,ар жағынан дала көрініп жатыр қараңыз.Стенкаларына слақ  жасадым күздігүні. Кепті, сосын түсіп қалды.

Отағасы опырылып түсіп жатқан қабырғаға бер жағынан жұқа тақтайша шегелеп қойған. Бірақ ол да шыдас берер емес.Шиеттей 6 бала қазір осы үйде жазғы демалыстарын өткізіп жатыр. Ал ерлі-зайыптылар баспана сұрап барғанында, шенеуніктерден сөз естіп қайтады екен.

Айгүл Әубәкірова, Зеренді ауылының тұрғыны

-Көп үйлер беріліп жатыр.Біздерге жоқ әлі.Жкх-ға бардым,районный акимға барғанда аким айтты жолдасыңыз жұмыс істемейді.Соншама баланы неге тапқызады деп. Мен жылап шықтым.

Апатты үйдегі отбасына әкімдік уақытша қарттар үйінен бөлме берген. Бірақ 6 баламен бір бөлмеде тұра алмайтынын айтып бас тартыпты. Ал әкім-қаралардың бұдан артық ұсынар көмегі жоқ.

Нұрлан Боқанов, Зеренді аудандық ТКШ бөлімі  басшысының міндетін атқарушы:

-Бұл отбасы пәтер кезегінде тұр. Иә, үйі апатты деп танылды. Қарттар үйінен бөлме беріп едік, бармады. Енді кезегін күтсін, басқаша шеше алмаймыз.

Әубәкіровтер отбасы қазір пәтер кезегінде 8-ші болып тұр. Бірақ жақын арада баспана алатындарына сенбейді.Өйткені дәл осындай 5 баласы бар отбасы кезегіміз төмен қарай жылжи береді деп шағымданып отыр.

Айгүл Шекенова, Зеренді ауылының тұрғыны:

-ЖКХ-ға бардым.5 баламен көшіп қонып жүрмін деп.Маған айтты Сіз кезегіңізді күтіңіз деп.Кезегім 103 болған,106-шы болып тұрмын.-Қалай?-Білмеймін 106 қылып шегеріп қойыпты.

Айгүл Шекенова – жалғызбасты ана. 5 баланың екеуі мүгедек екен. 7 жылдан бері пәтер жалдап жүр. Жақын арада баспана мәселесі шешілмесе, әкімдік алдына киіз үй тігіп, сонда көшіп аламын дейді ашынған ана.