Будақтаған қою түтін ондаған шақырым жерден көрінді. Өрт қала іргесіндегі Бірлік шағын ауданында болған. Қойма жергілікті мекемелердің біріне тиесілі екен. Онда көбіне күнбағыс майы толы цистерналар сақтаулы тұрыпты. Зардап шеккендер жоқ. Қазір тілсіз жаудың неден тұтанғаны мен келген шығын көлемі нақтылануда.