Қырғызстанда сотталып қашып шыққан отандастарымызды арнайы жасақ іздестіріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда сотталып қашып шыққан отандастарымызды арнайы жасақ іздестіріп жатыр

Қырғызстанда сотталып қашып шыққан отандастарымызды арнайы жасақ іздестіріп жатыр

Қырғыз сақшылары түрмеден қашып шыққан қос қазақстандықты әлі қолға түсіре алмай жүр. Жерлестерімізді құрықтау үшін  Бішкекте арнайы жасақ үлкен жоспар құрып жұмыс істеуде.

  • 27 Маусым 2015
  • 500
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда туған 24 жастағы Альберт Абхин мен 27 жастағы Жанболат Әшіров «мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті», «жалған құжат, мөр жасаумен айналысты» деген айыппен 4 жылға сотталған еді. Бұл екеу жазасын толық өтеместен түрмеден қашып шыққан. Оларды ұстау үшін Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік қызметі тіпті арнайы операция ұйымдастырып, іздеріне түсіпті. Бірақ жасырынған жерлерін тапқанымен қылмыскерлер қарулы қарсылық көрсеткен. Сөйтіп, тәртіп сақшыларының қолынан сытылып кеткен. Қазір Бішкектің тәртіп-сақшылары тайлы-тұяғымен қос қазақстандықты іздеп жатыр.