Полицейлерге оқ атқандар экстремист болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Полицейлерге оқ атқандар экстремист болуы мүмкін

Полицейлерге оқ атқандар экстремист болуы мүмкін

Алматыда атыс болды! Өліспей беріспейміз деген қос күдікті базар маңында полиция қызметкерлеріне қарсы оқ жаудырған.

  • 27 Маусым 2015
  • 587
Фото - Caravan.kz

Бұл жайды сол маңнан өтіп бара жатқан куәгерлер телефонына түсіріп алыпты. Оқиға Райымбек даңғылының бойындағы «Жібек жолы» базарының маңында болған. Оң жақта арнайы жасақ жігіттері оқтан қорғайтын қалқандарын тосып, топырлап тұр. Сол жақтағы «Дамас» көлігінің ішінде қарақшылар жасырынған. 15-20 минутқа созылған атыстан кейін екі қарақшының бірі оққа ұшып, екіншісі қолға түсті. Ішкі істер департаментінің мәліметінше, полициямен атысқан екі азамат Шығыс Қазақстан облысының тумалары. Олардың бірнеше қарақшылық шабуыл жасаған екен. Қарақшылардың экстремистік топтарға қатысы бар деген ақпарат та шыққан. Бірақ полицейлер мұны әзірге растаған жоқ.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД баспасөз хатшысы:

-Дәл сол мезетте олар жеке кәсіпкерге қатысты қарақшылық шабуыл жасауға кетіп бара жатқан. Қылмыскерлдердің автокөлігін тінту барысында ол жақта қаруларды тәркілеген болатын. Дәлірек айтатын болсақ, бұл карабин, револьвьер және травматикалық тапанша.