«Алматы-Киев» рейсінің жолаушысы 9,2 мың еуроны жасырын алып өтпек болды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алматы-Киев» рейсінің жолаушысы 9,2 мың еуроны жасырын алып өтпек болды

«Алматы-Киев» рейсінің жолаушысы 9,2 мың еуроны жасырын алып өтпек болды

«Алматы-Киев» рейсінің жолаушысы 9 мың 265 еуроны жасырын алып өтпек болды, деп хабарлады ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

  • 29 Маусым 2015
  • 463
Фото - Caravan.kz

«Алматы» бақылау-өткізу бекетінің шекарашылары  (Алматы қаласы) «Алматы — Киев» бағытында ұшатын ұшаққа шекаралық тексеру өткізу кезінде 1971 жылы туылған Қазақстан Республикасының азаматын ұстады. Оның қолжүгінің ішінде жарияланбаған валюта — 9 265 евроның бар екендігі анықталды», — делінген хсабарламада.

Аталған валюта «Жетісу» кедендік бекетінің қызметкерлеріне берілді. Ал Қазақстан Республикасының азаматына Әкімшілік-құқықбұзушылық кодексінің 551 бабының 3 тармағына сәйкес 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды.