Қазақстанда лаңкестікке қатысы бар адамдардың мүлкіне тыйым салу тетігін пайдалану ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда лаңкестікке қатысы бар адамдардың мүлкіне тыйым салу тетігін пайдалану ұсынылды

Қазақстанда лаңкестікке қатысы бар адамдардың мүлкіне тыйым салу тетігін пайдалану ұсынылды

Президент көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаев лаңкестік және экстремистік ұйымдарға қатысы бар адамдардың

  • 29 Маусым 2015
  • 477
Фото - Caravan.kz

мүлкіне тыйым салу тетігін пайдалануды ұсынды.

«Лаңкестік пен экстремизмді қаржыландыруға қатысты ұйымдар мен адамдардың бірыңғай тізімін жасап, осы ұйымдар мен адамдарға тиесілі мүлікті анықтауды және оған тыйым салу мәселесін заңды түрде бекітуді дұрыс деп санаймыз», — деді Н.Ермекбаев Астанадағы Орталық және Оңтүстік Азия елдеріндегі зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік конференцияда.

Оның сөзінше, бүгінде халықаралық экстремистік және лаңкестік ұйымдар қаржыны алудың түрлі көздері мен оларды аударудың арналарын пайдалана отырып, қаржылық қатамасыз етудің ұйымдастырылған жүйесін сақтауға қауқарлы болып отыр.

Экстремистік құрылымдармен күрес барысында көбінесе терактілерді жасаған адамдар анықталып жататындығына тоқталған ол: «Ал ең қауіпті болып саналатын экстремизмді насихаттаушылар мен демеушілер жазасыз қалып жатады»,- деді.


«Тәжірибе жүзінде біз зорлық-зомбылықты экстремизмнің алдын алу бойынша іс-қимылдар жоспарын әзірлеу тұрғысында БҰҰ Бас хатшысы күш-жігерін қолдауды ұсынамыз, сондай-ақ лаңкестікпен күрес саласында қолданыстағы халықаралық конвенциялар мен қарарларды жүзеге асыру бойынша шараларды жандандыруды алға тартамыз. Бәрінен бұрын бұл жергілікті соғыстар мен қарулы қақтығыстар ауданынан оралатын шетелдік лаңкестердің өзекті проблемалары бойынша 2014 жылдағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2178 қарарына, сондай-ақ мұнайдың заңсыз саудасы есебінен лаңкестік ұйымдарды қаржылындырудың жолын кесу бойынша ағымдағы жылғы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2199 қарарына қатысты», — деп түйді Н.Ермекбаев.