Бұл ірі қаржылық ұйымның негізін 57 мемлекет қалап отыр. Қазақстан делегациясын ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев басқарып келген. Жаңа банкте ең көп — 20%-дан аса дауысқа Қытай ие болса, 7,5% Үндістан және 6%-ға жуық дауыс Ресейге тиесілі болады. Жарғылық капиталы 100 миллиард доллар болатын банк энергетикалық, көлік және инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырады. Айта кетер бір жайт, АҚШ пен Жапония осы ұйымға қатысудан бас тартқан. Бүкіләлемдік банк және Азиялық даму банкіне бәсеке құруы мүмкін жаңа қаржы институтының штаб-пәтері Бейжіңде орналасып, биылдың соңында, ары кеткенде келесі жылдың басында жұмысын бастауы тиіс, — деп хабарлайды http://24.kz/.