Дегенмен өткен түні шерушілер мен Үкімет мүшелері бір келісімге келіп, тарқасуды жөн көріпті. Тәртіпсіздікке жол берілмейді деп уәде берілген соң ішкі әскер қызметкерлері алаңнан шеттетілген. Сонымен қатар, қымбаттаған электр энергиясының құны мемлекет тарапынан төленеді деген хабарлама келген соң, толқулар басылған. Нәтижесінде таңға жуық Ереван орталығында мыңдаған адамнан құралған топтан тек оншақтысы ғана қалды. Соған қарамастан көлік қозғалысын қалпына келтіру мүмкін емес. Себебі, қоқыс жәшіктерінен жасақталған баррикадаларды бұзуға шерушілер рұқсат етпей отыр. Ал полиция уәде еткендей күш қолданбауда.