Түркістанда полицейлермен төбелескен келіншек 2 жылға сотталуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістанда полицейлермен төбелескен келіншек 2 жылға сотталуы мүмкін

Түркістанда полицейлермен төбелескен келіншек 2 жылға сотталуы мүмкін

Оңтүстік Қазақстанда полиция қызметкерлерін балағаттап, жағадан алған әйел уақытша қамауға алынды. Түркістанның 27 жастағы тұрғынына қатысты үш бірдей бап бойынша қылмыстық іс қозғалған.

  • 30 Маусым 2015
  • 323
Фото - Caravan.kz

Түркістан қаласында болған бұл жайды сондағы куәгерлердің бірі телефонына түсіріп алған. Негізгі кейіпкер – мына әйел. Алдымен жол сақшылары ереже бұзған жүргізушіні тоқтатып, оның құжатсыз жүргенін анықтаған. Сөйтіп, хаттама толтыру үшін оны полиция көлігіне отырғыза бергенде, әйелі айғайға басыпты. Күйеуіне араша түскен оның аузына ақ ит кіріп, көк ит шығып жатыр. Мұнысынан түк шықпаған соң, сыртта жүрген полиция қызметкеріне дүрсе қоя береді. Бұл жанжалға әлгі әйелдің інісі де араласа кетеді. Қазір осы шатақ келіншекке қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.