Атырауда жігітті зорламақ болған нәпсіқұмарға қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырауда жігітті зорламақ болған нәпсіқұмарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Атырауда жігітті зорламақ болған нәпсіқұмарға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының қаулысымен кісі тонап, ер адамға қатысты нәпсіқұмарлық пиғылын жүзеге асырмақ болған

  • 30 Маусым 2015
  • 450
Фото - Caravan.kz


Н. У-ға қатысты екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға сот санкциясы берілді, деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінен. 

Алдын-ала тергеудің мәліметіне сүйенсек, араққа қызара бөрткен Н.У түнгі сағат төрт шамасында өз жөнімен кетіп бара жатқан жігітке ұрынып, әуелі «Нокиа» ұялы телефонын тартып алады да , одан кейін оны ұрып-соғып, өзен жағасына апарып, жыныстық қатынас жасауға мәжбүрлейді. Санасын сасық ой билеген нәпсіқұмардың зымиян әрекетін ақырына дейін жүзеге асыруға жақын маңнан өтіп бара жатқан машинаның жарығы бөгеп қалады. Ол оқиға болған жерден бой тасалаған.

Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөігінің 1) тармағымен және 24 бабының 3-бөлігінің , 121 бабының 2-бөлігінің 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.