Астана күніне орай қалалық супермаркеттерде жұртшылық үшін жеңілдіктер қарастырылуда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана күніне орай қалалық супермаркеттерде жұртшылық үшін жеңілдіктер қарастырылуда

Астана күніне орай қалалық супермаркеттерде жұртшылық үшін жеңілдіктер қарастырылуда

Елорда күніне орай қалалық сауда желілерінде мерекелік акциялар өтеді, деп хабарлайды astana.kz.

  • 30 Маусым 2015
  • 349
Фото - Caravan.kz


Атап айтқанда, 1-19 шілде аралығында «5 минут» супермаркетінде жеңілдіктер акциясы өтеді. Мұнда күн сайын сағат 20:00-ден бастап аспаздық тағамдарға 30% жеңілдік жасалады, сонымен қатар 6 шілдеде Тұран, 24, Жангелдин, 31А, Рысқұлбеков, 4 мекенжайлары бойынша орналасқан дүкендерде тәтті тағамдардан дәм татуға болады.
Астана қаласы Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының хабарлауынша, «Әнуар» супермаркеттер желісінің барлық дүкендерінде жеңілдіктер 17-50% құрайды.
«АқОрда Capital» ЖШС-інде мерекеге орай азық-түліктерге (сүт өнімі — 7-15%, жұмыртқа — 10%, құс еті — 10%, тәттілер — 30%, сусындар — 20%) 30%-ға дейін жеңілдіктер жасалады.
Ал елордалық «Мастер», «Аружан» және «Хан Шатыр» орталықтарындағы «Green» сауда желісі 1-7 шілде аралығында өз тауарларын 17% жеңілдікпен сатады және шілденің 6-сы күні мұнда келушілер ерекше ілтипат бөлінбек: әр сатып алушыға, балаларға тәтті тағамдар ұсынылады.
«Астықжан» сауда орталығында елорда күні аясында тұрғындарға 50% жеңілдіктер жасалмақ. 1-6 шілде аралығында мұнда әлеуметтік маңызы бар тауарларға жеңілдіктер қарастырылған.
Сонымен қатар «Smаll», «А2», «Магнум Кэшен энд Кэри», «Астана мир вкуса» сауда желілерінде де айтарлықтай жеңілдіктер болады.