қарамағындағы баланы ұрып-соғып өлтірген күтушіге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды аталмыш соттың баспасөз қызметінен.
Сотталушы О.Г. 2015 жылдың қаңтар айынан бастап азаматша Е.Ж.-ге бала күтуші болып жалданып, оның кәмелетке толмаған балалары 20.01.2011 жылы туылған Ж.А. мен 25.03.2013 жылы туылған Ж.Е. атты балаларын өзінің қарауына алған.
Сотталушы өзінің қарауындағы балалар Ж.А. мен Ж.Е.-ні ұдайы бірнеше рет ұрып-соғып, нәтижесінде Ж.А. абайсызда қайтыс болған. Сондай-ақ сотталушы Ж.Е.-ге де қатысты қатыгездік қарым-қатынас жасап, оның денсаулығына жеңіл дәрежелі дене жарақатын келтірген.
Аталған азаматша ҚР Қылмыстық Кодексінің 106-бабының 3-бөлігі және 110-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазаны жалпы режимдегі түзеу колониясында өтеу белгіленген.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.