Оның айтуынша, Амангелді, Жангелді, Наурызым аудандарында шегіртке көбейіп кеткен. Денисов және Қарасу аудандарында да шегірткені байқағандар бар. Қамысты және Қарасу аудандарында итальяндық тұқымдас шегірткелер пайда болуда.
Жергілікті мамандар көрші ресей облыстарында шегірткемен күрес тиісті дәрежеде жүргізілмей жатқанына алаңдаулы. «Жуырда ресей мамандарымен бірге шекаралас аумақты тексердік, — деді Б. Мирманов. — Оларға тиісті құралдар жетіспеуде: тозаңдандыратын бір ғана ұшақ жұмыс істеп жатыр, улы химикат сатып алуға қаражат бюджеттен бөлінбеген».
Қостанай облысында зиянкестермен күрес мақсатында 60 мың гектар жер өңдеуден өтті.