«КТК.KZ» сайттының мобилдік нұсқасы «Android» пен «IoS» платформаларында жұмыс істейді. Бүгінге дейін оны 10 мыңнан астам адам жүктеп үлгерген. Сондықтан енді жаңалықтар мен өзге де бағдарламаларды өз гаджеттерінен тамашалай алады. Мобилдік нұсқа қазақ және орыс тілдерінде қызмет көрсетеді. Ал бағдарламаның интерфейсі қарапайым әрі ыңғайлы. Тіпті еске салу функциясы да қарастырылыпты. Сонымен қатар редакциямен тікелей хабарласуға мүмкіндік жасалған. Сондықтан электрондық хат жолдап, телефон соғуға да болады. Жалпы, жаңа қосымшаға көрермендер жақсы баға беруде.
Құралай Нұрғалиева, Алматы қаласының тұрғыны:
– Әр жерде ұялы телефон арқылы көптеген жаңалықтарды бақылай аламыз. Яғни, қалып қалған, көре алмай қалған жаңалықтарды осы мобилдік қосымша арқылы қарап, біліп отыруға болады.Және де КТК арнасына ақпаратыңыз болса, көрсетілген телофон нөмірлері арқылы жіберу тиімділігі бар.