Ертіс өзеніне батып өлгендердің көбісі жастар - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ертіс өзеніне батып өлгендердің көбісі жастар

Ертіс өзеніне батып өлгендердің көбісі жастар

Семейде судан құтқару қызметі күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуге көшті. Себебі, биыл Ертіске кетіп, көз жұмғандар саны 2 есе өскен.

  • 1 Шiлде 2015
  • 211
Фото - Caravan.kz

Жыл басынан бері өзенге 12 адам кеткен. Арасында бір бүлдіршін бар. Өзіне қол салғандардан бөлек, ішімдік ұрттап, суға сүңгігендер де ажал құшуда. Бір айтары, Ертістен ажалын тапқандардың дені жастар. Осыдан екі апта бұрын суға кеткен 18 жасар бойжеткеннің денесі әлі табылар емес. Сондықтан құтқарушылар халықты сақ болуға шақыруда. Бір айтары, өзен бойында бірде-бір жағажай жоқ. Сондықтан аптап ыстықта салқындағысы келетіндер ағысы қатты судың көрінген жерінде шомылуда.

Тасболат Көшкімбаев, Семей қалалық судан құтқару қызметінің әдіскері:

-Аудандардан келіп  Ертістің суын білмейді. Ертіс суы ағыны қатты. Олар ойламайды, суға түседі. Су алып кетеді тез-тез. Содан кейін артқа күш жетпейді малтуға.