Оқиға таңғы бесте Астанадағы «Шапағат» сауда орталығының қасында болды. Базар маңындағы кафелердің бірінен көңіл көтеріп шыққан бикештердің төртеуі де удай мас. Таксиге таласқан қыздар еркектерше төбелесіп, бір-бірінің шашын жұлып, жерге құлағандарын аяусыз тепкілеп жатыр. Күші тасыған бойжеткендерді тіпті көшеден өтіп бара жатқан бірнеше жігіт ажырата алмай қор болды.Ал, оқиға орнына шұғыл жеткен полицейлер төртеуін де бөлімшеге алып кетті. Тентектерге енді 10 миллионға жуық айыппұл салынуы немесе түрмеге тоғытылуы мүмкін.
София Қылышбекова, Астана қалалық ІІД баспасөз хатшысы:
-Төбелескен қыздар Ақмола, Жамбыл облысы және Астана қаласының тұрғындары. Жастары 23-36 –ның аралығында. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тексеру жүріп жатыр.