Десе де, «Қазсат-2-нің» істен шығу қаупі туындағанымен, мамандар оны Ақкөл қаласынан әлі басқарып отырғандарын айтады. Қазір ғарыш аппаратынан техникалық ақаудың шығу себептері анықталуда. Енді бірнеше отандық арналардың таралымы уақытша тоқтатылуы мүмкін. Мемлекеттік миллиондарына құрастырылған отандық байланыс жерсерігі 4 жыл бұрын ұшырылған. Ал, одан бұрын орбитаға «Қазсат-1» жөнелтілген еді. Алайда, ол қысқа уақыт ішінде жоғалып тынғаны есте. Сөйтіп, 7 миллиард 800 миллион теңге желге ұшқан болатын.