Гректер супермаркеттердегі тауарларды жаппай сатып алып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Гректер супермаркеттердегі тауарларды жаппай сатып алып жатыр

Гректер супермаркеттердегі тауарларды жаппай сатып алып жатыр

Азық-түлік, тұрмыстық химия тауарларын гректер супермаркеттерден жаппай сатып алып жатыр, деп хабарлады «РИА Новости». 

  • 1 Шiлде 2015
  • 546
Фото - Caravan.kz


Афины қаласының шеткі аудандарындағы «Carrefour» супермаркеттер желісінде, ет, тауық еті, макарон секілді тауарлар тұратын сөрелер бос қалған. Ал кассаларда кезекте тұрған халықтың есебі шексіз. Сонымен қатар, сақталу мерзімі ұзаққа жететін тұрмыстық химиялар да сатылып кетіп жатыр. 
«Соңғы уақытта сондай жағдай қалыптасты. Халық жағдай қиындап кетеді деп есептейді. Кейбіреулер ашкөздіктен тіпті, қажеті жоқ нәрселерді де сатып алып жатыр», дейді дүкен қызметшілері. 
Грекия саясаткерлері халықты сабырға шақырды.