Бен Аффлек пен Д. Гарнер 10 жылғы некелерін бұзбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бен Аффлек пен Д. Гарнер 10 жылғы некелерін бұзбақ

Бен Аффлек пен Д. Гарнер 10 жылғы некелерін бұзбақ

Отасқандарына 10 жыл болған Голливуд актерлері Бен Аффлек пен Дженнифер Гарнер ажырасатындықтарын жария етті, деп жазады, «ВВС» агенттігі. 

  • 1 Шiлде 2015
  • 318
Фото - Caravan.kz


Олар ажырасуға өтініш білдірмес бұрын, ортақ некедегі 3 балағы қамқорлық мәселесін шешіп алған көрінеді. 

«Беннифер» тату отбасы аталып кеткен олар енді тек, дос болып қалуды шешкен. 
42 жастағы Аффлек актер, режиссер ретінде танылған. 1997 жылы ол Мэтт Дэймон екеуін «Ақылды Уилл Хантинг» фильмі үшін «Оскар» сыйлығын алған. 
43 жастағы Гарнер 2002 жылы «Тыңшы» фильміндегі рөлі үшін «Алтын глобус» сыйлығын жеңіп алған.