Ресейдің зиялы қауымы Назарбаев туралы жаңа кітап жазды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейдің зиялы қауымы Назарбаев туралы жаңа кітап жазды

Ресейдің зиялы қауымы Назарбаев туралы жаңа кітап жазды

Елбасы жайындағы кітаптардың қатары тағы бір туындымен толықты. Бүгін Мәскеуде Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған кезекті кітап жарық көрді.

  • 2 Шiлде 2015
  • 389
Фото - Caravan.kz

400 беттен тұратын туындыны жазуға Ресейдің кіл мықтылары атсалысыпты. Шығармашылық одақтың жетекшілері, лауреат атанған журналистер мен жазушылар. Олар Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің өтінішімен кітапты Астана күні қарсаңында арнайы әзірлеген. Онда Нұрсұлтан Назарбаевтың еліне сіңірген еңбегі көрші елдің көзғарасымен жазылған. Кітаптың атауы да сондай – «Созидатель. Нурсултан Назарбаев: взгляд из России» деп аталады. Бұдан бөлек, Елбасының 75 жылдық мерейтойына арналған құттықтаулар жиынтығы бар.