Сәбиді алып кеткен тәртіп сақшылары әлі ата-анасын тапқан жоқ. Тек оның аты Мирас екені белгілі. Қазір ол кәмелет жасына толмағандарды бейімдеу орталығында. Мұндағы қызметкерлердің айтуынша, Мирас өте ашық, белсенді. «Анам жұмыста» дейді екен. Өзі және отбасы туралы сәби бұдан басқа мардымды ештеңе айта алмады. Ал психологтар баланың мінез-құлқы мен болмысына қарап, оны анасынан бөлек өскен бала деп топшылап отыр. Қазір тәртіп сақшылары сәбидің туыстарын іздестіруде.
Жанар Қабыкенова, психолог:
-Бұл бала Семейден келген секілді, Өскемен қаласына туыстарына. Мамасын іздемейді. Туысында болғандықтан, мамам жұмыста деп ойлайтын секілді.